Управление архитектуры и
градостроительства Мангистауской области

v_novosti_upravlenya

Afficher les résultats de 21 à 23 (total de 23)
Image

Жаңалық №3


17.08.2015

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. Осыған орай ағымдағы жылғы сәуір-мамыр айларында қоғамдық қамқоршылыққа бекітілген тарихи-мәдени ескерткіштерге сенбілік өткізілді.

 «Тарихи және мәдени ескерткіштеріне қоғамдық қамқоршылықты бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 221 қаулысымен мемлекеттік мекемелерге, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына, кәсіпорындарға және мемлекеттік емес ұйымдарға тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және сақтау іс-шараларын қамтамасыз ету үшін республикалық және жергілікті дәрежедегі ескерткіштер бекітілген.

Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері қоғамдық қамқоршылығына бекітілген тарихи-мәдени ескерткіші – Төлеген-әулие жерасты мешітінің аумағында сенбілік өткізді.

Image

Жаңалық №4


17.08.2015

Облыстың сәулет-қала құрылысы Кеңесінің отырысы

2013 жылғы 15 сәуірде облыс әкімдігінің кіші залында облыс әкімінің төрағалығымен облыстың сәулет-қала құрылысы Кеңесінің осы жылдағы екінші отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде «Ақтау қаласының 15 шағын ауданындағы бизнес орталығы», «Ақтау қаласының 4-а шағын ауданындағы қонақ үйі», «Ақтау қаласының 5-а шағын ауданындағы балаларға арналған аттракциондар саябағы» құрылыс жобалары қаралып, талқыланды.

Жобаларды қарау және талқылау барысында келесі ескертпелер айтылды:

«Ақтау қаласының 15 шағын ауданындағы бизнес орталығы» жобасы бойынша нүктелік құрылысқа есептелмеген инженерлік инфрақұрылым бұзылуы мүмкін, нәтижесінде электр қуаты және басқа да инженерлік желілірдің іркілісіне әкеледі.

«Ақтау қаласының 4-а шағын ауданындағы қонақ үйі» жобасы бойынша инженерлік желілерге қосу техникалық шарттары алынбағандықтан нысанның энергожабдықтау мәселесі шешілмеген.

Ұсынылған «Ақтау қаласының 5-а шағын ауданындағы балаларға арналған аттракциондар саябағы аумағындағы балалар кафесінің» жобасы функционалдық мақсатына сәйкес келмейді.

         Ескертпелерге сәйкес жобалар қабылданбады.

Руководитель управления
Жайлау Найзабек Мырзагалиулы
Биография
Задать вопрос

Государственные символы

Государственный Флаг Республики Казахстан
Государственный Герб Республики Казахстан
Государственный Гимн Республики Казахстан

Кабинет пользователя