Управление архитектуры и
градостроительства Мангистауской области

v_novosti_upravlenya

Afficher les résultats de 9 à 12 (total de 17)
Image

Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыруы


17.11.2016

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын

жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-3 санаты үшін: Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;           

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;                    

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы:

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 

 

min

max

D-О-3

108 216

148 242

«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, индекс 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 ш/аудан (облыс әкімдігінің ғимараты), 1 үй, 1 қабат, № 102 кеңсе, анықтама телефоны 8 (7292) 31-36-47, 42-04-67, тел/факс: 42-98-77, эл.поштасы i.ikaev@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік, № 4-1)

Функционалды міндеттері: Бөлім қызметкерлерінің функционалдық бағытына сәйкес міндеттерін бөлуге; бөлімнің қызметіне басшылық жасауға; басқармада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға; мемлекеттік сатып алу заңдарына сәйкес облыстық, қалалық және аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін нысандарға барлық жобалық-сметалық құжаттамалар мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай тапсырушысының жұмыстарын ұйымдастыруға; мемлекеттік сатып алу Заңының нормаларынан туындайтын қызметтерді уақытында және сапалы орындауды өз міндетіне алуға міндетті.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, есеп және аудит, экономика). Техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс).

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

 

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Image

Жалпы конкурсқа хабарландыру


13.10.2016

«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-3 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы:

 

Санаты 

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

Д-О-3

108 216

148 242

«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, индекс 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 ш/аудан (облыс әкімдігінің ғимараты), 1 үй, 1 қабат, № 102 кеңсе, анықтама телефоны 8 (7292) 31-36-47, 42-04-67, тел/факс: 42-98-77, эл.поштасы i.ikaev@mangystau.gov.kz, «Б»корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуғажалпы  конкурс  жариялайды:

 

1. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік, № 4-1)

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметкерлерінің функционалдық бағытына сәйкес міндеттерін бөлуге; бөлімнің қызметіне басшылық жасауға; басқармада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға; мемлекеттік сатып алу заңдарына сәйкес облыстық, қалалық және аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін нысандарға барлық жобалық-сметалық құжаттамалар мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай тапсырушысының жұмыстарын ұйымдастыруға; мемлекеттік сатып алу Заңының нормаларынан туындайтын қызметтерді уақытында және сапалы орындауды өз міндетіне алуға міндетті.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, есеп және аудит, экономика). Техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс).

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларарының  3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

 

Шағым жасау тәртiбi: 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

Image

Новость №6


03.12.2015

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Б. А. Сағынтаевта өткен цифрлы телерадиохабар және ұялы байланыс саласының дамуы мәселелер бойынша 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 17-43 кеңес хаттамасының 2.4, 2.5 тармақтарына сәйкес, мемлекеттік органдарға «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ) жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпаратты уақытылы енгізуді және мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесін бақылау мақсатында ведомстволық ақпараттық жүйелерді ХҚКО ЫАЖ-мен біріктіруді қамтамасыз ету тапсырылған.

Осыған орай сәулет және қала құрылысы басқармасы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның қызметкерлерімен бірге 2013 жылдың 22 – 24 мамырында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдері мен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің жауапты тұлғаларының қатысуымен ХҚКО арқылы көрсетілетін «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстарға қатысты семинарлар ұйымдастырып, өткізді.

 

 

Облыстық сәулет-қала құрылысы Кеңесінің отырысы туралы

2015 жылғы 30 қазанда Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен облыстық сәулет-қала құрылысы Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Күн тәртібіне 2 қала құрылысы жобасын қарау енгізілді:

1. Қарақия ауданының шекара бойындағы Болашақ ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бірге бас жоспары. Тапсырыс беруші – Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы. Жобалаушы – «Градо» Жобалаушы фирма» ЖШС (Алматы қаласы).

2. Ақтау қаласының бас жоспарына сәйкес жаңа жалпықалалық орталығының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы.  Тапсырыс беруші – Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы. Жобалаушы – «Урбостиль» ЖШС (Алматы қаласы).

2013 жылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің тапсырмасы бойынша, сәулет және қала құрылысы басқармасы 2012 – 2015 жылдарға арналған Маңғыстау облысының қалалары мен ауылдық елді мекендерінің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын әзірлеу Кестесі жасақталып, облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілген. Кестеге сәйкес, 2015 жылы облыстың барлық 58 елді мекенін бас жоспарлар мен дамыту және құрылыс салу схемалармен (бас жоспардың оңайландырылған нұсқасы) қамтамасыз ету бойынша жұмыстар аяқталуда.

Бүгінгі таңда Елбасымыз тұсауын кескен соңғы 58-ші Қарақия ауданының Болашақ ауылының жаңа бас жоспары аяқталып таныстырылуға ұсынылып отыр.

Көрші Түркменстан мемлекеті арасындағы шекара бойында орналасқан Болашақ темір жол бекеті «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы бекіткен қажетті инфрақұрылымымен бас жоспарға сай пайда болды. Бүгінде осы темір жол бекеті Қарақия ауданына қарасты Болашақ ауылдық округыне айналды. Болашақ ауылының жаңа бас жоспары экономикалық және әлеуметтік жоспарда әрі қарай дамыту,  елмен қоныстандыру және шекара бойынша орналасқан Түркменстан мен Иран көрші елдермен сауда-саттықты дамыту үшін жасалып отыр.

Бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі, «Градо» ЖФ» ЖШС-нің директоры А.А. Маметовке сөз берілді. Жобаны талқылау барысында бала бақшалармен және мектептермен, мәдениет (көп функционалдық кешен) объектілерімен қамтамасыз ету, жүк және сауда операциялар бойынша сұрақтар көтеріліп, жауаптар берілді.

Екінші мәселе бойынша еңбегі сіңген сәулетші, Қазақстан Республикасы Қала құрылысшылар Одағының президенті, «Урбостиль» ЖШС-нің директоры Л.В. Нысанбаева сөз сөйледі. Инженерлік желілер мен қуаттылықтарды есептеу мәселелері талқыланды.

Ұсынылған жобаларды қарау және талқылау нәтижесінде хаттамалық шешімдер қабылданды:

1. Қарақия ауданының әкімі шекара бойындағы Болашақ ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бірге бас жоспары туралы мәліметті назарға алсын және кезекті аудандық мәслихаттың сессиясына қарауға енгізсін;

- сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы сараптау кеңесін құрып, аудандық мәслихат сессиясына енгізгенге дейін сараптама қорытындысын алуды қамтамасыз етсін.

2. Ақтау қаласының әкімі мен сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ақтау қаласының бас жоспарына сәйкес жаңа жалпықалалық орталығының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша жұмыстарды жалғастырсын;

- сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы жобалаушы «Урбостиль» ЖШС бірлесіп жер пайдаланушы «Oil Real Estate» ЖШС-мен жаңа жалпықалалық орталығының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын келіссін;

- энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ақтау қаласының бекітілген бас жоспарына сәйкес, жаңа жалпықалалық орталығының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сай объектілердің қуаттылығын ескере отырып, инженерлік қамтудың қалалық көздерін қарастырсын. Жаңа жалпықалалық орталығы үшін жобаланған және салынып жатқан магистралдық желілері мен көздері туралы ақпаратты «Урбостиль» ЖШС-не егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында ескеру үшін ұсынсын.

Руководитель управления
Жайлау Найзабек Мырзагалиулы
Биография
Задать вопрос

Государственные символы

Государственный Флаг Республики Казахстан
Государственный Герб Республики Казахстан
Государственный Гимн Республики Казахстан

Кабинет пользователя