Управление архитектуры и
градостроительства Мангистауской области

v_novosti_upravlenya

Afficher les résultats de 5 à 8 (total de 17)
Image

Қазақстан Республикасының Үкіметі тұрғын үй салу үшін жер теліміне кезекте тұрған азаматтарды жеке тұрғын үймен қамтамасы ету мақсатында Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасын жасақтауда.


13.01.2017

Қазіргі күннің өзекті мәселесі

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының  Үкіметі тұрғын үй салу үшін жер теліміне кезекте тұрған азаматтарды жеке тұрғын үймен қамтамасы ету мақсатында Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасын жасақтауда. Өткен жылдың қараша – желтоқсан айларында өткен Үкiмет отырысы барысында Қазақстан Республикасының  премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өңір басшыларына аталған бағдарламаға жан-жақты дайындалып, облыс орталығы бойынша өздерінің тыңғылықты ұсыныстарын беруге таспырма берген болатын. Қабылданатын Мемлекеттік  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алғы шарттарды орындау мақсатында біздің өңірімізде де, яғни Маңғыстау облысында алғашқы дайындық жұмысы басталды.

Өздеріңізге белгілі, облысымыздың орталығы Ақтау қаласының бас жоспары қайтадан жасалып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2012 жылы бекітілді.

ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПЛАН СОВМЕЩЕННЫЙ С ПРОЕКТОМ ДЕТАЛЬНОЙ ПЛАНИРОВКИ с.АКШУКЫР и ШАПАГАТОВ ТУПКАРАГАНСКОГО РАЙОНА

        

Осы бекітілген бас жоспар бойынша қала  аумағында салынатын тұрғын үй тек қана орта және биік қабатты болып нақты көрсетілген. Бұл дегеніміз қала аумағында жеке тұрғын үйлер салуға арнап жер қаралмаған деген сөз. Оның үстіне қала аумағы да шектеулі, батыс бетіміз – теңіз, шығысымыз – Қошқар Ата қалдықтар қоймасы, терістігіміз – Ақшұқыр елді мекені болса, түстігіміз – өндірістік аймақ. Кезінде, қаланың бас жоспарын қайта қарағанға дейін қаланың бірнеше аудандарында жеке тұрғын үй құрылысына жер қарастырып, эксперимент те жасап көрдік. Сол бөлінген жерлерге қай үйлердің қалай салынғаны да, инженерлік жүйелердің қалай жеткені де, жер телімдері сауда көзіне айналғаны да өздеріңізге белгілі жай екені ахиқат.

Шығыс –2 және Шығыс –3 шағын аудандарында қандай жолменен болса да жер алып, ұй салғандардың инфрақұрылым проблемасы әлі күнге дейін толықтай шешілген жоқ.  Ақтау қаласының бас ерекшелілігі квартал немесе көше емес, шағын ауданнан құралатындығында. Шағын ауданды орта есеппен 150-180 жер теліміне шақсақ, 1000 адамды жермен қамтамасыз ету үшін 6-7 шағын ауданды барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуіміз керек екен. Ар жағын өзіңіз есептеп көріңіз.

Кезекті өткен Үкiмет отырысынан соң, өңір басшысы А.Айдарбаев «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру үшін, Ақтау қаласы агломерациясын (болашақ дамуын) қаперге ала отырып, қала маңынан жер қарастыруға нақты тапсырма берді. Облыстық жер қатынастары, құрылыс саласындағы және басқа да әріптестермен кеңесе келе аталған бағдарлама үшін лайықты жер қала жанындағы Ақшұқыр мен С.Шапағатов атындағы елді мекендердің маңы деп табылды.

Аталған елді мекендердің бас жоспарлары нақты құрылыс салу жобасымен бірге 2012 жылы жасақталып, 2013 жылы Түпқараған аудандық маслихат шешімімен бекітілді. Осы бас жоспарда екі елді мекен маңынан да Ақтау қаласының қоныстану аумағы шектеулігіне байланысты қала тұрғындарын қоныстандыруға резервтік аудандар қарастырылған болатын.

Нақты айтсақ, С.Шапағатов атындағы елді мекен маңынан ауданы 412,6, ал Ақшұқыр елді мекенінен 700,5 гектар жер. Бұл жер бас жоспарда резервтік аудандар боп қаралғандықтан, жерді бөліп құрылыс жұмыстарын бастау үшін алдымен нақты құрылыс салудың егжей – тегжейлі жобасын дайындауымыз керек.

Құрылыс салудың егжей – тегжейлі жобасы салынатын үйлердің санын ғана көрсетпейді, сол аумақта орналасатын тұрғын санына байланысты қажетті әлеуметтік (мектеп, балабақша т.б.) нысандардың орны мен сиымдылығын, оларға қажетті инфрақұрылымның күш – қуаты және көлемін анықтап беретін қала құрылыстық құжат боп табылады. Жер кодексінің 44 бабы, 1 тармағына сәйкес, Бас жоспарсыз және егжей-тегжейлі жобасыз құрылысқа жер телімдерін беруге тыйым салынатынын да ескеруіміз керек.

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан осы құрылыс салудың егжей – тегжейлі жобасын жасақтау үшін қажетті шығынның көлемі анықталып, тиісті сұраныс берілді. Бұдан кейін жобаға байланысты салынуға тиісті инфрақұрылымдардың жобалық сметалық құжаттары дайындалмақ. Әрі қарай тиісті органдарға ұсынылып, қаржыландыру көздері анықталатын болады.
Ал осы «Нұрлы жер» бағдарламасы қалай, қандай жолмен іске аспақ және салынған үйлер қандай тәртіппен бөлінбек деген сұрақтарға тоқтап өтейік. «Нұрлы жер» бағдарламасын орындау және қадағалау үшін арнаулы орган (оператор) анықтау тетігі қарастырылмақ. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жер телімі көлемі 1000 шаршы метр және салынатын үйлер зәулім сарай (особняк) емес, қол жетімді, орташа көлемді бірнеше типтік үйлер болады деп күтілуде. Сыртқы инфрақұрылымдар мемлекеттік қаржы және жеке инвестиция есебінен салынбақшы. Бірнеше  типтік жобалармен еліміздің әр түрлі деңгейдегі банкілердің қолдауымен аймақтың ірі құрылыс компаниялары тұрғын үйлерді салып, ішкі әрлеусіз кезектегі азаматтарға ұсынатын болады, бағасы орта есеппен шаршы метрі үшін 150 мың теңге көлемінде. Судың да сұрауы бар демекші, қазіргі уақытта тегін ештеңе жоқ. Инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражаты да үйлі болған тұрғындар есебінен қайтарымды болмақ. Мемлекет қаржысына әлеуметтік нысандар да салынатынын ұмытпаған жөн. «Нұрлы жер» бағдарламасы мемлекеттік жоба, оның орындалуы алдағы уақыттың еншісінде, ал оны іске асыруға Сіз бен біздің біріккен еңбегіміз қажет!

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 24 бабы, 1 тармағының 9 тармақшасына сай, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы ретінде жоғарыда көрсетілген  жайларды облыс тұрғындарының назарына ақпарат ретінде ұсынамын.   

Облыстық сәулет және қала құрылысы
басқармасының басшысы, Қазақстан
Республикасының Құрметті Сәулетшісі Найзабек Мырзағалиұлы Жайлау

Image

272 - «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің 2017-2019 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ


13.01.2017

272 - «Маңғыстау облысының сәулет  және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің
2017-2019 жылдарға арналған
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы:
001 – Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі    
қызметтер.
Бюджеттік бағдарлама басшысы:Н.М.Жайлау – облысының сәулет және қала құрылысы  басқармасы басшысы.
Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Салық кодексі;
Қазақстан Республикасы Президентінің  2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы №74 «Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффицентінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;
Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы;
Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №6/65 «2017-2019 жылдарға облыстық бюджет туралы» шешімі;

Image

Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыруы


22.12.2016

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын

жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-3 санаты үшін: Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;           

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;                    

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы:

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 

 

min

max

D-О-3

108 216

148 242

«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, индекс 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 ш/аудан (облыс әкімдігінің ғимараты), 1 үй, 1 қабат, № 102 кеңсе, анықтама телефоны 8 (7292) 31-36-47, 42-04-67, тел/факс: 42-98-77, эл.поштасы i.ikaev@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға мемлекеттік қызметшілерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік, № 4-1)

Функционалды міндеттері: Бөлім қызметкерлерінің функционалдық бағытына сәйкес міндеттерін бөлуге; бөлімнің қызметіне басшылық жасауға; басқармада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға; мемлекеттік сатып алу заңдарына сәйкес облыстық, қалалық және аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін нысандарға барлық жобалық-сметалық құжаттамалар мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай тапсырушысының жұмыстарын ұйымдастыруға; мемлекеттік сатып алу Заңының нормаларынан туындайтын қызметтерді уақытында және сапалы орындауды өз міндетіне алуға міндетті.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, есеп және аудит, экономика). Техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс).

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

 

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Руководитель управления
Жайлау Найзабек Мырзагалиулы
Биография
Задать вопрос

Государственные символы

Государственный Флаг Республики Казахстан
Государственный Герб Республики Казахстан
Государственный Гимн Республики Казахстан

Кабинет пользователя